«Жігер» командасы — шағын футболдан облыстық турнирдің қола жүлдегері!
21.10.2026
«Жігер» командасы — шағын футболдан облыстық турнирдің қола жүлдегері!
16–18 қазан күндері Степногорск қаласында 2017–2018 жылы туған балалар арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Аталған жарысқа Зеренді ауылынан «Жігер» командасы қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерін танытты. Турнир қорытындысы бойынша жас футболшылар құрметті үшінші орынға ие болды!
Сонымен қатар зеренділік Хайыргельдин Ерасыл турнирдің «Үздік қақпашысы» номинациясымен марапатталды. Оның сенімді ойыны мен қақпаны шебер қорғауы команданың жетістігіне зор үлес қосты.
Жас футболшыларды, жаттықтырушылар құрамын және ата-аналарды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! «Жігер» командасына алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, спорттық шеберліктің артуын және толағай табыстар тілейміз!