"Auyl sport - 2026"

14.09.2026

ДЮСШ «Жігер» – «Ауыл спорт – 2026» турнирінде жүлделі орындарға ие болды

«Ауыл спорт – 2026» турнирінде ДЮСШ «Жігер» спортшылары өздерінің жоғары дайындығын, командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жас спортшыларымыз спорт мектебінің намысын бірнеше спорт түрінен абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Командалық спорт түрлерінен спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті:

  • ⚽ Футбол – ДЮСШ «Жігер» командалары 1-ші және 2-ші орындарға ие болды.
  • 🏐 Қыздар арасындағы волейбол – 1-ші орын.
  • 🏐 Ұлдар арасындағы волейбол – 3-ші орын.
  • 🏀 Қыздар арасындағы баскетбол – 2-ші орын.
  • 🏀 Ұлдар арасындағы баскетбол – 3-ші орын.

Сонымен қатар, үстел теннисінен де спортшымыз жүлделі орынға ие болды. 2016 жылы туған және одан кіші жас санатында ДЮСШ «Жігер» спортшысы Талғат Нәби 2-ші орын иеленіп, шеберлігі мен жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Бұл жетістіктер – спортшылардың тынымсыз еңбегінің, жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының және ата-аналардың қолдауының нәтижесі.

ДЮСШ «Жігер» спортшыларын «Ауыл спорт – 2026» турниріндегі лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

ДЮСШ «Жігер» – жаңа жеңістерге бірге!

Просмотров: 461


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу